«БІР СЕМЕСТР БОЙЫ ШЕТ ЕЛДІК ЖОО-ДА»

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «БІР СЕМЕСТР БОЙЫ ШЕТ ЕЛДІК ЖОО-ДА» ДЕГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 03 ақпандағы №28 бұйрығына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2014 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.

  1. Еуропалық Кеңес мүшелері – 5 алам
  2. АҚШ - 1 адам;

ҚР өкілетті орган бөлетін бюджет қаражаты шеңберінде аталған елдерге барып білім алатын студенттердің самолетпен барып келуі, 120 күн пәтер ақысының құны, медициналық сақтандыру және шетелге шығу визасын ресімдеуге кететін өтемдер шығындары бағдарлама есебіне кіреді. Осыған орай, оқуға баруға ынта білдірген студенттерге 2014 жылдың 7 сәуіріне дейін жеке куәліктерінің көшермесін қосып деканаттарында арыз жазулары қажет. Алыс шетелге (Франция, АҚШ) баратын үміткерлерді іріктеу (француз бен ағылшын тілдері бойынша тестілеу) бойынша комиссия отырысы жайлы кейін хабарланады. Үміткерлерді іріктеу барысында мына жайларға ерекше көңіл бөлінеді:

  1. Білім туралы құжаттамадағы орташа көрсеткіштері немесе аяқталып отырған академиялық кезеңдегі оқу үлгерімі;
  2. Шет ел тілін білу деңгейі (IELTS, TOEFL, HSK, DELF сертификаттары есепке алынады).

Үміткерлерді іріктеуді жеңілдету мақсатында факультет декандары оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорға әр үміткердің арызын, оқу үлгерімі жайында транскриптін (білім дәрежесі туралы құжат), институт пен факультеттің қоғамдық жұмысына қатысуы мен белсенділігі жайында мінездемерін тапсырулары керек.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «БІР СЕМЕСТР БОЙЫ ШЕТ ЕЛДІК ЖОО-ДА»