ҚМПИ академиялық ынтымақтастық

-Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шынайы әлеуеті бар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішінен лайықты орынға ие болған жоғары оқу орны. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Институт республикамыздың он үш жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатқан. Ағымдағы жылдың қараша айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасында білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды. Жыл сайын ҚМПИ студенттері Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар Францияның Via Domita Перпиньян Университетінде (UPVD) білімдерін шыңдауда.

Қазіргі таңда ҚМПИ-да Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен студенттер білім алуда. 2013 жылдың қыркүйек айында институтымыздың оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорымен кездесу өткізіліп, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде келген студент жастарды факультеттің декандарымен, әдіскерлерімен таныстырды. Бұған қоса аталмыш білім алушылар кітапхананың оқырман залы, абонемент, интерактивті тақталары бар кабинеттер, спорт клубы, мұражай мен жатақханамен танысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс ҚМПИ академиялық ынтымақтастық