Инновациялық технологиялар көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 24 мая 2013
2013 жылдың 24 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында кафедралардың оқу үрдісінде пайдаланатын инновациялық технологиялардың көрмесі өтті. Көрме жұмысына институт ректоры Баймырзаев Қ.М., оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Төлеген М.Ә., академиялық жұмыстар жөніндегі департамент бастығы Кифик Н.Ю., факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Барлық кафедралар заманауи педагогикалық технологияларға негізделген сабақтарды өткізудің және ұйымдастырудың жаңа қырларын танытты. Аталмыш іс-шара кафедра оқытушыларының мультимедиялық, компьютерлік, интерактивтік технологияларды қолдануымен қатар, оқу үрдісіне тыңнан қосылған технологияларды да ендіргендігін аңғартады. Институт ректоры көрме жұмысының нәтижесіне оң баға беріп, кафедра мүшелеріне жаңа оқу жылының бірінші жартыжылдығында студенттердің жобалық презентациясын өткізуге ұсыныс жасады.