«Электрондық үкімет және электрондық қыметтер» семинары
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2014
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы заманауи Қазақстанның экономикасы үшiн оның маңызын айқындайтын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басымдылықтарының бiрi болып табылады. Сондай-ақ 2013 жылдың басында Елбасы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанның ақпараттық қоғамға ауысуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Бағдарлама маңызды төрт бағытты айқындайды және солардың бірі – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету. Аталған бағыттың негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы орындалуына жағдай жасайтын «электрондық үкіметті» дамыту. «Электрондық үкімет» халыққа, сондай-ақ бизнеске мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызды қызметтерін көрсетуді жеңілдету үшін іске қосылды.
Әрине, осы саладағы білім мен электрондық қызметтерді алу дағдыларын меңгеру белсенді дамып келе жатқан тұлғаның ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететіні, барлық жаңалықтардан хабардар етіп, оларды күнделiктi өмiрде пайдалануға мүмкiндiк беретіні сөзсіз.
2013-2014 оқу жылына арналған информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының және «Инновациялық оқыту технологиялары» зертханасының жұмыс жоспарлары бойынша ақпан айының 13-нші күні аға оқытушы Оспанова Шынар Бектепбергенқызы «Электрондық үкімет және электрондық қыметтер» атты семинар өткізді. Семинардың мақсаты – тыңдаушылардың «электрондық үкімет» порталының қызметтерін алу дағдыларын меңгеруі.
Бұл курсты меңгеру нәтижесінде тыңдаушылар:
- «электрондық үкiмет» порталында тіркелу және авторлануды;
- электрондық қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды;
- электрондық мемлекеттік қызметтерді: ақпараттық, интерактивті және транзакциялық қызметтерді алуды;
- қызметтерді алу мен төлеу тарихын қарауды;
- электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын тексеруді үйренді.