Ағылшын тілі курстары

14.05.1314 мамырда ҚМПИ-ның оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры М.Ә. Төлеген мен шетел тілдері факультетінің деканы Е.Л. Дорошок көптілділік орталығында ағылшын тілі сабағына қатысты. Бұл жерде сабақтар аптасына екі сағаттан 3 топқа өткізіледі. Курсты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Данилова В.В. мен Кушнерик М.И. жүргізеді. Білім алушылар – ҚМПИ қызметкерлері мен оқытушылар. Сабақта жаңа технологиялар қолданылады: интерактивті тақта, ғаламтор – қоры, заманауи оқулықтар. Курсты тыңдаушылар тілді оқытудың жоғары деңгейде екендігін атап өтеді және сабақты өткізудің тиімді кестесін жасау мен топ сандарын көбейтуді өтінеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Ағылшын тілі курстары