Студенттерінің академиялық мобильділік студенттерімен ЖМФ-де кездесу

emf-24.01.14

2014 жылдың 24 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының кураторлары (Баубекова Г.К., Омарова К.И., Коваль В.В., Жусупова А.У, Ахметова Э.Б., Баймаганбетова К.Т.) «ҚМПИ студенттерінің академиялық мобильділік» бағдарламасына қатысқан студенттерімен кездесуді ұйымдастырды. «География» мамандығының 4 курс студенті Касеинова Дина фрацуз тілін меңгеру деңгейін байқау кезеңінен өтіп, ҚР білім және ғылым Министрлігінің (ҚР БҒМ «Шетелдік жоғары оқу орындарындағы академиялық мобильділік семестрі» бағдарламасы бойынша) қаржыландыру есебінен Франциядағы Перпиньян қаласының Via Domitia университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Дина студенттік өмір және шетелдегі оқу процесі туралы әңгімеледі және студенттерді сол елдің салт-дәстүрлерімен таныстырды. «География» мамандығының 2 курс студенті Байжанова Айгерим студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы есебінен 3 семестрді Павлодар педагогикалық институтында оқып келді. Айгерим оқу процесінің жақсы жақтарымен бөлісті, сондай-ақ институттың қоғамдық өмірі туралы айтып берді. «География» мамандығының 1,2,3, курс студенттері осы бағдарламаға белсенді қатысуға шешім қабылдады.

Жаратылыстану ғылымдар кафедрасының кураторлар кеңесінің төрағасы Жусупова А.У.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Студенттерінің академиялық мобильділік студенттерімен ЖМФ-де кездесу