ҚМПИ ШТФ ПОҚ сыртқы академиялық ұтқырлығы

15.03.14

2014 жылдың 20 наурызында профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында Макао университетіне (Қытай) іссапардан шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая мен кафедра оқытушысы Е.А. Кудрицкая оралды.

8-17 наурыз айында олар Макао университетінің Ағылшын тіл орталығында жұмыс істеді. Академиялық мақсатта студенттерге барлық төрт деңгейде ағылшын тілінен сабақ беріп, орталықтың әріптес-қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. Қазақстан мемлекеті және «Қазақстан Республикасындағы үштілділік» мәдени жобасы жайында ақпараттармен бөлісті. Макао университетінің студенттерімен барлығы 28 сағат дәрісханалық сабақ, соның ішінде: М.И. Кудрицкая студенттерге 16 сағат дәріс (8 пара), магистрант-практиканттарға 1 лекция (2 сағат) өткізді. Е.А. Кудрицкая студенттерге 12 сағат дәріс (6 пара), магистрант-практиканттарға 1 лекция (2 сағат) өткізді. 

 

makkao15.03.14-2

М.И. Кудрицкая мен Е.А. Кудрицкая бірігіп тағы да бірқатар іс-шаралар өткізді: Макао университеті Ағылшын тіл орталығы жанындағы жазба жұмыстары орталығының докторант-қызметкерлерімен 1 дөңгелек үстел, Макао университеті профессор-оқытушылық құрамымен ПОҚ біліктілігін арттыру орталығында 1 дәріс (2 сағат) оқыды.

Макао университеті сайтында жарияланған осы іс-шараны өткізу туралы хабарландыруға сілтеме:https://ctle.umac.mo/event/a-conversation-on-21st-century-multi-language-education-and-pedagogy/

Іс-шараны өткізу туралы есепке сілтеме: https://ctle.umac.mo/category/past-events/

Сондай-ақ олар халықаралық «Жаһандану әлеміндегі баламалы педагогика: Ағылшын тілі теориясы мен практикалық оқыту» ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, пленарлық отырыста баяндама жасады. М.И. Кудрицкая «Қазақстанда шетел тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылардың қызу талқысына түсті. Е.А. Кудрицкаяның «Шетел тілдері мұғалімдерінің кәсіби даму курсын бағалау жүйесі» атты баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды.

Макао университеті сайтындағы конференция фотоларына сілтеме https://events.elc.umac.mo/english-language-teaching-international-conference-2014-15-16-march/.

makkao15.03.14-1makkao15.03.14

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс ҚМПИ ШТФ ПОҚ сыртқы академиялық ұтқырлығы