«Педагогикалық ғылым жастар көзімен»
- Подробности
- Опубликовано: 08 апреля 2014
2014 жылдың 8 сәуірінде «Кафедра апталығы» бағдарламасына сәйкес жоо студенттері мен педагогикалық колледж оқушылары, жас мұғалімдер, оқытушылар үшін институттың 75 жылдығына арналған студенттік ғылыми-практикалық «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты конференция өтті. Аталған конференция түрлі секцияларда мемлекеттік және орыс тілдерінде төмендегі бағыттар бойынша өтті:
1. Қостанай облысындағы кәсіби-педагогикалық білімнің қалыптасуы.
2. Педагогтің тұлғасы мен дәрежесі: тарих және замануилық.
3. Заманауи педагогтің кәсіби құндылықтары: тәжірибесі, проблемалары, келешегі.
4. Мұғалімнің 12-жылдық мектеп талаптарына дайындығын қалыптастыру.
5. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби анықталу мәселелері.
Студенттік конференцияға қатысуға 93 баяндама ұсынылды. Қатысуға тілек білдіргендер: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, «Тұран-Астана» университеті, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері.
Секция жұмыстары аяқталғаннан кейін, студенттік ғылыми-практикалық конференцияның барлық қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды. Студенттердің ғылыми мақалалары «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75-жылдығына арналған «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция материалдары» электронды жинағында жарияланды.

.