2016 жылдың 29 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 300-ге жуық оқушылар қатысты.
2016 жылдың 21 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілді білім болашақ мамандардың жаңашыл қоғамда әлеуметтенуінің бірден-бір тиімді факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілдері, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени қауымдастықтар өкілдері, Қостанай қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері және студенттері қатысты.
2016 жылдың 15 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге үш қалалық және 12 аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері, халықты жұмыспен қамту орталығы қатысты. Жәрмеңке бағдарламасы бойынша алғы сөз ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Әбіл Еркін Аманжолұлына берілді.
2016 жылғы 4 сәуірде №211 компьютерлік-әдістемелік кабинетте педагогика кафедрасы оқытушылары ғылыми еңбектерінің көрмесі ашылды. Аталған көрменің мақсаты: оқырман студенттердің педагогика ғылымын оқып-үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше білім алу үдерісіне көмек көрсету. Көрмедегі экспозиция құрамына соңғы жылдары жарық көрген басылымдар кірді.
Оқу жылының І жартыжылдығында денешынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы, орыс тілі мен әдебиеті кафедралары және дене шынықтыру дайындығының оқу-тәрбие орталығы әдістемелік апталықтар өткізді. Денешынықтыру, спорт және туризм кафедрасы әдістемелік апталығының аясында 5 ашық сабақ, «Денешынықтыру» және «Туризм» мамандықтарының 1-4 студенттерінің қатысуымен Қостанай облыстық емханасының дәрігер-валеологы, медицина ғылымдарының кандидаты Н.В. Жарковамен дәріс-әңгіме ұйымдастырылды. Дәріс «Дұрыс тамақтану алиментарлық тәуелділік сырқаттардың алдын алу» тақырыбына арналып, ақпараттық-танымдық сипатта тамақтануда пайдалы және зиянды тағамдар сараланды.
2015 жылғы 22 мамырда шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ пен Франция университеттерінде студенттердің білім алуы үшін ағылшын және француз тілдерінен іріктеу турын өткізді. Іріктеу турына түрлі мамандық студенттері қатысты. Тестілеу алдында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген сөз сөйлеп, әділ қазылар мүшесі, профессор А.С.Оспанова студенттерге тест тапсыру кезінде сәттілік тіледі.
22 мамырда Азаматтық бастамалар орталығында «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» ҚБ волонтерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараға ҚМПИ педагогика-психология факультетінің студенттері З.Сагимбаева және С.Перзентбаева белсене атсалысты.
2015 жылдың 17 сәуірінде көптілдік орталығы тілдер дайындығының оқу-тәрбиелік орталығымен бірлесе үш тілді меңгеру (қазақ, орыс, ағылшын) олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға барлық факультеттердің студенттері қатысты. Олимпиада қатысушыларына 4 түрлі тапсырма ұсынылды: грамматикалық тест, мақал-мәтелдер, мәтіндерді (жарнамалық мәтіндер, тағам рецебін, кейбір тауарлардың қолдану ережесін) аудару, үш тілде презентация (ғылыми зерттеу тақырыбын қатысушы өз қалауы бойынша анықтап презентация түрінде дайындады).
2015 жылғы 11-27 наурыз аралығында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығына Гумбольд атындағы университеттің (Германия) PhD докторы, профессор Фолькер Раддатц «Биология», «География», «Химия» мамандықтарындағы көптілді топтардың 1,2,3 курс студенттері үшін «Шетел тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін шақырылды. Фолькер Раддатц ҚМПИ оқытушыларына «Шетел тілдерін оқытудың заманауи дидактикасы мен әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.
2015 жылғы 2 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қабарғасында Педагогика және психология, Жаратылыстану ғылымдар және математика, қазақ және орыс филология факультеттерінің қатысуымен ақпараттық-үгіт насихат жасау аясында "Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі" атты тақырыбынан "БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР" шарасы өтті. Жүргізуші: ф.ғ.к., әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Амантаева Айгүл Бақытжанқызы