"Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі"
- Подробности
- Опубликовано: 02 марта 2015
2015 жылғы 2 наурыз күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қабарғасында Педагогика және психология, Жаратылыстану ғылымдар және математика, қазақ және орыс филология факультеттерінің қатысуымен ақпараттық-үгіт насихат жасау аясында "Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі" атты тақырыбынан "БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР" шарасы өтті. Жүргізуші: ф.ғ.к., әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Амантаева Айгүл Бақытжанқызы. Қатысқан қонақтар: ҚМПИ ректорының кенесшісі, с.ғ.к., әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Шаймерден Ғ.И. және әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының менгерушісі, т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В. Іс-шараға қазақ және орыс филология факультетінің 2 курс студенттері И. Бекмахамбет, М. Оспанова, Қ. Жарқымбек қатысты.
Өтілген іс-шарада екі сұрақ қарастырылды: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы (2015 жылы Ассамблеяның 20-жылыдығына орай) және Қазақстандағы ұлттық диаспоралар.