Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ пен Франция елдеріне іріктеу туры
- Подробности
- Опубликовано: 22 мая 2015
2015 жылғы 22 мамырда шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ пен Франция университеттерінде студенттердің білім алуы үшін ағылшын және француз тілдерінен іріктеу турын өткізді. Іріктеу турына түрлі мамандық студенттері қатысты. Тестілеу алдында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген сөз сөйлеп, әділ қазылар мүшесі, профессор А.С.Оспанова студенттерге тест тапсыру кезінде сәттілік тіледі. Тілден ең жоғары балл алған студенттерге аталған бағдарлама бойынша АҚШ және Франция елдерінің жоғары оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік туады.