«Үш тілді білу - заман талабы» атты олимпиада
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2015
2015 жылдың 17 сәуірінде көптілдік орталығы тілдер дайындығының оқу-тәрбиелік орталығымен бірлесе үш тілді меңгеру (қазақ, орыс, ағылшын) олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға барлық факультеттердің студенттері қатысты. Олимпиада қатысушыларына 4 түрлі тапсырма ұсынылды: грамматикалық тест, мақал-мәтелдер, мәтіндерді (жарнамалық мәтіндер, тағам рецебін, кейбір тауарлардың қолдану ережесін) аудару, үш тілде презентация (ғылыми зерттеу тақырыбын қатысушы өз қалауы бойынша анықтап презентация түрінде дайындады). «Үштілділік» бағдарламасын іске асыру мақсатында осындай олимпиадаларды өткізу ұсынылды. Қатысушылар үш тілді меңгеру бойынша жақсы білім деңгейін көрсетті. Олимпиаданың жеңімпаздары жаратылыстану-математика факультетінің 3 курс студенті Абишева А., жантану-педагогика факультетінің 1 курс студенті Тихова О., шетел тілдері факультетінің 4 курс студенті Актас А. Қостанай облысының әкімдігінің тілдер дамыту Департаментінің ұйымдастырған олимпиадасына ұсынылды.