Көптілділік-заман талабы

21.04.162016 жылдың 21 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Көптілді білім болашақ мамандардың жаңашыл қоғамда әлеуметтенуінің бірден-бір тиімді факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілдері, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени қауымдастықтар өкілдері, Қостанай қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері және студенттері қатысты.
Алғашқы сөз кезегімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін атқарушы, ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, профессор Е. Әбіл және облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Кудайкулова Гульвира Жазитовна дөңгелек үстел отырысын ашты.
21.04.16Оқу-әдістемелік басқарма бастығы, педагогикалық ғылымдар кандидаты Кифик Н.Ю. дөңгелек үстел модераторы болды.
Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Назиров Саят Серикұлы, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ерменбаева Гульжан Какимбековна баяндамаларын ұсынды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Конысбаева Дамеля Торемуратовна және шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Унгутбаева Гульбану Шабазовна ҚМПИ кафедраларында көптілді білім беруді ендіру тәжірибелерімен бөлісті.
Қостанай қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Сулейменова Нурсулу Жалгасбаевна және Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі, биология магистрі Демесенов Бейбит Мерекеевич өз мектептеріндегі гуманитарлық пәндерді меңгерту және көптілдік білім беру мәселелеріне тоқталды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінде тек қана пән оқытушылары ғана емес, сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, ОАР, Австралия елдерінің халықаралық педагогтары, қосымша білім беру педагогтары, педагог-психологтар, педагогтар-ұйымдастырушылар-тәлімгерлер қызмет атқарады.
«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени қауымдастығының төрағасы Бектемиров Ринад Вальтаевич қауымдастықтарының жұмыс түрлері және туған тілді меңгерту үшін жасалған қолайлы жағдайлар туралы баяндады.
Қостанай облысы «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациясы дирекциясының маманы Семенкова Виктория Валерьевна өз кәсіпорындарында тілдерді меңгерту жұмысының ұйымдастырылу жолдарын және қазақ тілін үйренудің тиімділігін жеткізіп, мемлекеттік тілді жетік меңгергендігімен таң қалдырды.
21.04.16«Биология» мамандығының 4 курс студенттері Маруарова Арай, Абишева Анара және «Шетел тілі: екі шетел тілі » мамандығының 3 курс студенті Баянбекова Нильжан көптілді топтарда білім алу ерекшеліктерімен бөлісті.
Модератор Кифик Наталья Юрьевна барлығы қабылдаған дөңгелек үстел қарарының жобасымен таныстырды.
Дөңгелек үстел қатысушылары қарарда:
- институт кафедралары ағылшын тілінде оқытылатын арнайы пәндер көлемін аттыруды;
- кафедраларға ҚР және алыс шетел ЖОО ағылшын тілінде сабақ өткізу аясында оқытушылардың академиялық ұтқырлық бойынша жұмысын жетілдіруді;
- ҚМПИ және дөңгелек үстел қатысушыларының ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын бірлесіп құру және олардың сынақтан өткізілуін қолдау; ҚМПИ облыстық білім беру мекемелерімен үштілдік білім беру мәселелері бойынша бірлескен ғылыми-әдістемелік іс-шараларды өткізуді;
- көптілдік білім бөлімдерінің студенттерін үштілдік білім беру принциптерін жүзеге асыратын мектеп, колледждерге өндірістік практикаға жіберуді;
- ҚМПИ облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірлесіп, үштілдік білім беру мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.

Фотогалерея

21.04.1621.04.1621.04.1621.04.16

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Көптілділік-заман талабы