Волонтерлерге арналған семинар-тренинг
- Подробности
- Опубликовано: 22 мая 2015
22 мамырда Азаматтық бастамалар орталығында «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» ҚБ волонтерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараға ҚМПИ педагогика-психология факультетінің студенттері З.Сагимбаева және С.Перзентбаева белсене атсалысты. Аталған іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жастар, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан ұраншыл тұлғалар арасындағы кері діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба үйлестірушісі Ю.А. Калюжная баяндамасында жобаның негізгі міндеттері, басты бағыттарына тоқталып, кері ағымдар мен топтар әрекетіне қарсы жастардың берік иммунитетін қалыптастыруға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған волонтерлік қозғалыстың маңыздылығын атап өтті.