Ашық есік күні

2016 жылдың 29 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 300-ге жуық оқушылар қатысты.Ашық есік күніне колледж түлектері де қызығушылық танытты, Қостанай қаласы мен облыстың 3 колледждің өкілдері қатысты.

Барлық қатысушылар институттың тарихымен, барлық мамандықтар бойынша жасалған жарнамалық жобалармен кеңінен танысты. Институт студенттерімен ұйымдастырылған мектептер мен колледждердің түлектерінің назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Педагогикалық институттың мамандықтары бойынша және педагог қызметін насихаттау мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, педагогикалық ғылымдар кандидаты, профессор Ахметов Т.А., биоалуантүрлілік ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚМПИ профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Пережогин Юрий Викторович және «Музыкалық білім» мамандығының 4-ші курс студенті, оқу озаты Өміржанова Айдана сахна төрінен сөз сөйледі.

Түлектер оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар тізімімен, оқуға қабылдау жөніндегі ақпаратпен толыққанды хабардар болды. Іс-шараның ресми бөлігі өткізілгеннен кейін түлектерді, оларды болашақ мамандықтарымен жан-жақты таныстыру үшін факультеттерге шақырды. Факультеттерге, зертханаларға, шеберханаларға, мұражайларға сапар жасалынды. Түлектер көкейлеріндегі сауалдарына оқытушылар, кафедра меңгерушілері, декандар мен студенттердің тараптарынан жауап алды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болашақ студенттері үшін есігін айқара ашуда!

29.04.1629.04.1629.04.1629.04.1629.04.1629.04.1629.04.1629.04.1629.04.16

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз