II Халықаралық ғылыми конференциясы

06.06.12ҚР Білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану-математика факультеті биология және география кафедрасының экология мен биология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы ғылым және білім мекемелерінің және тірі табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қорының қолдауымен(WWF), «ОЭО Наурызым» қоғамдық бірлестігі, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 5-6 маусымында Қостанай қаласында және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында «Азия далаларындағы биологиялық алуантүрлілік» және «Киіктердің популяцияларын қалпына келтіру және сақтау» дөңгелек столы негізінде II Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға қатысушылардың арасында 12 ғылым докторлары мен 29 ғылым кандидаттары болды. Конференция жұмысы ақпарат құралдарымен қамтамасыз етілді.

«Азия далаларындағы биологиялық алуантүрлілік» және «Киіктердің популяцияларын қалпына келтіру және сақтау» дөңгелек столы негізінде II Халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігі мен ұжымына, жаратылыстану-математика факультеті биология және география кафедрасына, экология және биология мәселелерінің ғылыми зерттеу орталығына конференцияны табысты өткізгендері үшін; тірі табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қорына (WWF), «ОЭО Наурызым» қоғамдық бірлестігіне, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығына, «Степной бюллетень» редакциясына, мемлекеттік табиғатты қорғау құрылымдарына конференцияны және дөңгелек столды өткізуде көрсеткен көмектері үшін барлық баяндамашылар мен қатысушыларға үлкен алғыстарын білдіре отырып, барлық елдердің гүлденуіне, тұрақтылығына, дала биомындағы тірі табиғатты сақтау мен қалпына келтіруге одан әрі өз үлестерін қоса беруге тілектерін білдірді.
 
06.06.12
news 06.06.12 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс II Халықаралық ғылыми конференциясы