Бір семестр бойы шет елдік ЖОО-ДА

ҚМПИ ректораты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Бір семестр бойы шет елдік ЖОО-ДА» деген Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскені туралы жариялайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 20 сәуіріндегі № 175 бұйрығымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, 2012 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы шет елдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.

  • Францияның Перпиньян қаласындағы ВИА Домисия университетіне - 5 адам;
  • Америка Құрама Штаттарындағы Батыс Вирджиния университетіне -2 адам.

Бұл бағдарламаға сәйкес аталған елдерге барып білім алатын студенттердің - самолетпен барып келу мен оқуға кететін шығындары, 120 күн пәтер ақысының құны, медициналық сақтандыру және шет елге шығу визасын ресімдеуге кететін өтемдер шығындары кіреді. Осыған орай, шет елдерге (АҚШ пен Францияға) оқуға баруға ынта білдірген студенттерді іріктеу үшін институтымызда арнайы комиссия құрылып, ол комиссия тестілеу арқылы үміткерлердің ағылшын және француз тілдерінен біліктіліктерін тексереді. Комиссия өз жұмысын 2012 жылдың мамыр айының 28-де оқу ғимаратының екінші қабатындағы мәжіліс залында, таңертеңгі сағат 11.00-де бастайтынын хабарлаймыз.

Үміткерлерді іріктеу барысында мына жайларға ерекше көңіл бөлінеді:    Үміткерлерді іріктеуді жеңілдету мақсатында факультет декандары оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорға 2012 жылдың 28-ші мамыры күні таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін, әр үміткердің оқу үлгерімі жайында транскрипт (білім дәрежесі туралы құжат), институт пен факультеттің қоғамдық жұмысына қатысуы мен белсенділігі жайында мінездемене тапсырулары керек.

Шет ел тілін білу деңгейі.Академиялық ұтқырлық шеңберінде (ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылдың 19-шы қарашасындағы № 613 бұйрығы мен Білім және ғылым минстрінің 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы № 549 бұйрығына қосымша) студенттерді шет елдерге оқуға жіберу ережесі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының порталында жарияланған.Толығырақ ақпаратты факультет декандарынан алуға болады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Бір семестр бойы шет елдік ЖОО-ДА