Республиканский конкурс сочинений на государственном языке (2)

Бүгін, 18 қараша куні ҚМПИ-та «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту іс-шаралары жайлы» ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Джаксыбеков А.Р. тапсырысын іске асыру аясында, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік тілде Республикалық шығармалар сайысының 1 кезеңі (аймақтық) өтті. Сайысқа барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Ол үшін жас ерекшеліктер бойынша әдейі 4 топ ұйымдастырылды: 1 топ – 7-9 сыныптар; 2 топ – 10-11 сыныптар; 3 топ – кәсіби мектеп пен колледждер оқушылары (орта кәсіби білім алу); барлық ниет білдірушілер (ЖОО студенттері, қызметкерлер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, т.б.). Әр топқа қазақ тілін білетіндер және мемлекеттік тілді оқып жүргендер ұсынылды. Шығармалар жазғысы келетіндер аз болған жоқ: шамасымен 60 адам! Қатысушылар арасында ҚМПИ студенттері, қазақ-түрік лицейінің оқушылары, тілдер оқу орталығының тындаушылары, Толстой атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері, АҚ «Казахтелеком» қызметкерлері болды. ҚММ «Қоғамдік келісім» (облыстық Достық үйі), Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен қазақ тілі және әдебиет кафедрасының бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесі.

18.11.16

Шығарма жазардын алдында сайыскерлерге Қостанай облысы әкімдігі ҚММ «Қоғамдік келісім» басшысының орынбасары Кожахметов А.К., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н., қазақ тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі Қанапина С.Г. құттықтау сөздерін айтты. Ереже бойынша аймақтық турдың нәтижесі 2016 жылдың 24 қарашасында болуы керек. Бұл күні әділ қазылар алқасы: Бекбосынова А.Х. (ҚМПИ доценті, филология ғылымдарының кандидаты), Сисембай Г.А. (ҚМПИ аға оқытушысы), Канапина С.Г. (доцент, ҚМПИ кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты), Бегалина А. Б. (Қостанай қ. №20 орта мектебінің мұғалімі), Маткеева Г.К. (Қостанай қ. №9 орта мектебінің мұғалімі) және Надырова А. К. Қостанай облысы әкімдігі ҚММ «Қоғамдік келісім» маманы, барлық шығармаларды қарастырып, оның ішінен республикалық турда Қостанай облысын ұсынатын 8 үздік жұмыс тандап алулары керек. Республикалық кезең жеңімпаздары «Мын бала» мәдениеттік-оқу жобасының қорытындылауы бойынша өткізілетін салтанатты іс-шараға қатысып, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық шығармалар сайысының қатысушыларына жеңіс пен жоғары марапатқа ие болуларын тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Республиканский конкурс сочинений на государственном языке (2)