Тарихи мұражайға экскурсия

15.09-13.10.16

2016 жылғы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихи мұражайында мұражай меңгерушісі Г.А.Карина бірінші курс студенттеріне мұражайды аралатып, экскурсия өткізді. Мақсаты – студенттерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрылған күнінен бергі бай тарихымен таныстыру. Г.А.Карина институт дамуының жекелеген кезеңдерін көрсететін материалдар орналастырылған мұражай стендтері мен көрмесіне назарларын аудартып, институт тарихы, профессорлар, еңбек ардагерлері, оқытушылар мен студенттердің жетістіктеріне арналған стендтерді көрсетті. Сондай-ақ студенттер «Құрметті қонақтар кітабы», «Қонақтар кітабы» және «Институттың құрмет кітабы» атты 3 альбоммен танысып, қонақтарға арналған альбомға мұражайдан алған әсерлері мен тілектерін жазып қалдырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Тарихи мұражайға экскурсия