Батыс-венгер университетінің PhD докторы М.Фрешлимен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 25 ноября 2016
2016 жылдың 14 мен 25 қарашасында ҚР ҒБМ 204100 «Жоғары, жоғары білімнен кейін мамандарды дайындау және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы негізінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында институт оқытушылары мен «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне дәріс пен оқу сабақтары Батыс-венгр университеті (Сомбатхей қ., Венгрия) М.Фрешли, PhD философия докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті дәріс пен оқу сабақтарын өткізді. Бағдарлама аясында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, МОменТ, ПменБОӘ, шетел тілі: екі шетел тілі, тарих мамандықтарының студенттерімен кездесу өтті.
Оқытушылар және студенттермен кездесу барысында педагогикалық іс-әрекетіндегі имидждік қарым-қатынас, гуманитарлық ғылымдардың дамуы, мәдениаралық қарым-қатынас, педагогтың практикалық жұмысына ғылыми жетістіктерді еңгізу, қазіргі европалық білім тенденциялары жайлы мәселелер талқыланды.
«Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтардың модульдық білім бағдарламасын талқылау жемісті өтті. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне халықаралық славян зерттеу тобына кіруге мүмкіндік берілді, оның аясында бірігіп зерттеу жұмысын жүргізу жоспарлануда.
Атқарылған жұмыс екі жоғары оқу орны болашақта байланысып жұмыс жүргізетін жолдарын қарастырып, білімдік бағдарламаларын жақындатты.