Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019 жыл

2019 жылы 27 желтоқсанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Конкурсқа республиканың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. Биылғы жылы оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Байқау нәтижесінде біздің университеттің екі оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды – биология ғылымдарының докторы, профессор Брагина Татьяна Михайловна және тарих ғылымдарының кандидаты Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевич.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қол жеткізген нәтижелеріңізбен тоқтап қалмауларыңызды тілейміз.

Білім, ғылым шыңдарын бағындыра беріңіздер, алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашыла берсін.

Алға, жаңа жеңістерге жетіңіздер!

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2019 жыл