Білім берудегі көшбасшылық

11-15 мамыр күндері Назарбаев Университетінің ұстаздары ЖОО-да өздерінің білім беру тәжірибелерімен бөлісу  мақсатымен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Білім берудегі көшбасшылық" атты тақырыпта вебинар өткізді. NUGSE деканы Аида Сағынтаева, NUGSE атқарушы директоры Ерлан Шуланов, институционалдық тиімділік жөніндегі Бас директор Дункан Пристли, институционалдық тиімділік жөніндегі бас менеджер Айжан Мусина болашақ білім беру жүйесі, трансформация кезеңіндегі университеттердің миссиясы мен пайымдауы, академиялық сапаны көтеруде инситуционалды үдеріс, бағдарламаны бекіту мен өзгерту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу нәтижелеріне қол жеткізу тақырыптарында дәрістер өткізіп, практикалық жұмыстар да ұйымдастырды.

 Вебинар нәтижесі бойынша   қазіргі жағдайда тез арада шешім қабылдау құзыретін жетілдірдім, академиялық бағдарламаларды әзірлеу, оқу нәтижелерін құрастыру бағытында білім толықтырдым.

Осындай  онлайн оқыту вебинарын ұйымдастырған біздің университеттің басшылығына және Назарбаев Университеті командасына өзара серіктестік үшін алғыс білдіремін.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Білім берудегі көшбасшылық