«Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кеші

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Сұлтанғазин университетіне осыдан бір ай бұрын білім қуып, жүрек қалауымен университет табалдырығын аттаған жас өркендеріміз, 1 курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кеші өтті. Қаламыздағы танымал би топтарының бірі Crazy Dance заманауи биімен мерекелік кешті бастап берді. Барлық факультеттің 1 курс студенттері бақ сынасқан бұл кештің басты мақсаты, былтырғы жылы Жаратылыстану-математика факультеті қанжығасына байлаған «ауыспалы кубокты» ұтып алу еді.

Университет ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлының құттықтау сөзінен кейін, «Алтын белгі» иегері, «Самұрық» Республикалық олимпиадасының жеңімпазы Усайын Гүлданаға «студенттік билет» табысталды. Сахна төріне биылғы жылғы екі үлкен жетістігіміз, «Студенттік көктем – 2019» және «Облыстық Спортфест – 2019» фестивальдарының кубоктары шығарылды. Инстаграмм әлеуметтік желісінде университеттің жеке меншік «KSPI» маскасын ойлап тапқан ППФ 1 курс студенттері Тобылбаева Диана мен Булибекова Алинаға ректордың қолымен «имиджік сыйлықтар» берілді.                            

  • Филология департаменті
  • Дене шынықтыру, Спорт және туризм факультеті
  • Жаратылыстану-математикалық факультет
  • Педагокика және психология факультеті
  • Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті.

Жоғарыдағы ретпен өнер көрсеткен факультет студенттеріне баға беру әділ-қазылар алқасына да оңай болмады. Ақылдаса келе 1 орын, «Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кубогы Дене шынықтыру, Спорт және туризм факультетіне бұйырды.

Фото:

https://www.facebook.com/pg/kspi.kz

https://ok.ru

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кеші