ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдауы
- Подробности
- Опубликовано: 03 сентября 2019
"Президент туралы" конституциялық заңның 12-бабына сәйкес, мемлекет басшысы жыл сайын халыққа елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша немесе жазбаша жолдау жасауға құқылы.
2019 жылдың 2 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республкасының Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдауы өтті.
Жолдау Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында көгілдір экраннан ұстаздар мен студенттер назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды шешімдер қабылдады және Үкімет пен Парламентке тиісті тапсырмалар берді. Қазіргі таңдағы басты проблемалар: қоғамдағы қазақ тілінің рөлі күшейіп, ұлтаралық тілге айналатын уақыты келгенін, жаһандық даму жолдары, жеріміз шетелдіктерге сатылмайтынын, еңбекақы төлеу деңгейін арттыру керектігін, мәдениет қызметкерлерін қолдау қажеттігін айтып, елімізде білім сапасына да толық тоқталып кетті.
«Қадірлі қазақстандықтар! Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.
Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін! Баршаңызға амандық, табыс тілеймін» - деп Мемлекет басшысы өзінің тұңғыш жолдауын аяқтады.