Жыл сайын 22 қыркүйек айында еліміздің мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні атап өтіледі. 26 қыркүйекте – Европалық тілдер күнін, 27 қыркүйек айында 2018 жылы Француз мәдени орталығынмен ҚМПУ – дің Көптілділік орталығы тілдер мерекесіне бірлесіп, іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің әр –түрлі ұлттардың өз тілін құрметтеуге және сал-дәстүрін білуге тәрбиелеу. Бұл мерекеге А.Байтұрсынова атындағы ҚМУ және ҚМПУ мен ЧелМУ студенттері белсенді атсалысты.

2018 жылдың 22 қыркүйек күні Денсаулық күніне орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде спорт ойындары өтті. Спорт мерекесін құттықтау сөздерімен Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің деканы Кифик Наталья Юрьевна, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастап берді. 1 курс студенті Салима Башиева спортшыларға керемет әнін тарту еткен соң, Жарыс регламентін Дене шынықтыру орталығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанұлы таныстырып кетті.

2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» Ассоциациясы атынан ауылдық жердегі мектеп оқушыларын "English for Jastar" ағылшын тіліне оқыту мақсатында оқытушыларды тарту партиялық пилоттық жобаны жүзеге асыру хабарланған болатын. Жобаны ағымдағы жылдың 1 маусымында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес отырысында Елбасы қабылдаған болатын. Жобаны орындау мерзімі: қыркүйек – қараша. Жоба 84 аулдан 7000 оқушыны қамтиды.

14 қыркүйек күні ҚМПУ акт залында 1 курс студенттері мен университеттің белсенді студенттері арасында танысу мақсатында кездесу өтті. Кездесу универститетіміздің өнерлі жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Университетіміздің үш титулы, сұлулық байқауларының жеңімпаздары, вокалдық сайыстардың жеңімпаздары, біздің мақтаныштарымыз өз өнерлерін көрсеткеннен соң, сахнаға Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы, Студенттер мен Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі басшысы Есімханов Қуаныш, Студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек шығып, Басқарманың негізгі жұмысы, Университет қабырғасындағы студенттік ұйымдардың мақсаттары, үйірмелер жайлы толық ақпарат берді.

2018 жылдың 1 қыркүйек күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет алаңында білім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын басында кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студент жастарды осы бір керемет кезеңнің басталуымен Университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Бұл күн 79 жылдық тарихы бар біздің университет табалдырығын алғаш аттағалы жатқан 1 курс студенттері үшін өткенге деген сағыныш пен болашаққа деген үміттің мерекесі.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 2018 жылғы 5 мамыр күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, облыстық маслихат депутаты, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Степанович Крячко мен Иван Михайлович Любинскийді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Құттықтау сөзінде, ректор адам жан дүниесінің ең басты байлығы - ата-бабалардың ерлігінің жадымызды мәңгі сақталуда екендігін атап өтті. Қазіргі  тыныш біздің, бейбіт  заманымыз жылдыр бойы ата-бабаларымыздың қаны-тері және баға жетпес еңбегінің арқасында келді.

2018 жылдың 24 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі, Аймағамбет қажы Спанұлы мешітінің найм имамы Балахмет Әлішер Ертайұлы, Қостанай облысы әкімдігі, Жастар саясаты жөніндегі басқарманың, жастар бөлімінің бас маманы Индира Дәулетханқызы және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Болат Қалиев пен университет студенттері арасында «Діни сауаттылық» тақырыбында кездесу өтті.

2018 жылдың 17 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Ректор кубогы 2018» Жайдарман ойыны өтті. Қазақ КВН Одағының, Республикалық Жастар қоғамының бірлестігі, Қостанай КВН филиалының директоры Бәкір Марғұлан басқарған ойында Арқалық қаласы, Рудный индустриялдық институты, №17 мектеп, ҚӘТК, ҚМУ, Политехникалық колледж жайдарман топтары өнер көрсетті. Ойын өте жоғары дәрежеде өтті. Әділ қазылардың шешімі бойынша 13 топтың ішінен 3 орын Біздің «ҚМПУ құрамасы» болса, Зерек колледжінен келген «Эверест» тобы 2 орынды қанжығасына байлады.

Сұлулығы мен ақылы ұштасқан қазақ қыздарының байқауы - "ҚМПИ аруы" өз мәресіне жетіп, оқу орнымыздың ең сұлу да талантты ару қызы анықталды. Байқауға институттың ақылына көркі сай 10 бойжеткені қатысқан болатын. Үстіміздегі жылда біз «ҚМПИ аруы» байқауын өткізген болатынбыз, осы жылы шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар болмысын дәріптеу мақсатында, «ҚМПИ аруы» байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік,- деп атап өтті, байқаудың ұйымдастырушысы Жалғасбек Шокенов.

2018 жылдың 6 сәуірінде «Мирас» мәдениет сарайында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының тапсырмасы бойынша «Достар» КВН облыстық лигас фестивалі өтті. Фестивальға жоғары және орта оқу орындарының командалары қатысып, ¼ финалға шығу үшін сайысқан болатын. Университеттің ұжымы алғаш рет осы лигада жақсы өнер көрсетіп, «Достар» лигасының ¼ финалына жолдама алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар