2017 жылдың қараша айының 24-26 күндері Жамбыл облысы "Қазақстан студенттерінің Альянсы" РСҚ ұйымдастыруымен өткізілген XIV шақырылым өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және педагогика факультетінің» ІІІ курс студенті Шаисламова Азиза және ІІ курс студенті Халыкова Камилла шақырылымға қатысты. Республикамыздың 14 өңірінен 100 белсенді АСКерлер болды. Шақырылым жоғарғы деңгейде өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын және латын əліпбиін жастар арасында насихаттау. 

2017 жылдың 23 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасында, Жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жусупов Абай Жангелдыулы, жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы, студенттер мәдениет үйінің маманы Шөкенов Жалғасбек Мырзағалиұлы институт жатақханасында тұрып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты студенттерді белсенді студенттік өмірге шақыру, бойындағы өнерін өрлету, көшбасшылық қасиетін арттыру және институт қабырғасында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді атсалыстыру еді. 

2017 жылдың 23 қарашасында институт конференц-залында Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, танымал теледокументалист Бекмухамедова Гүлжібек Баекенқызы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер қонағымызға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу Гүлжібек Баекенқызының авторлық «Президент, как отражение нашей мысли» атты фильмін көрумен жалғасты. Елбасымыздың өмір жолы, Қостанай облысындағы іс-сапарлары туралы керемет фильмнен кейін, ҚМПИ ұстаздары мен студенттері атынан қонағымызға гүл табысталды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Институт акт залында ҚМПИ студенттер альянсы студенттері күшімен, институт қабырғасында бұрын білім алған, қазіргі таңда мәдениет, мемлекеттік қызмет т.б. салаларда жұмыс жасайтын бұрынғы студенттерді шақыру арқылы атап өтілді. Біздің институт студенттері біздің аймақта қазақ КВН-нің бастаушылары болып табылады. Мерекелік іс-шара вокалист студенттердің 15 өлеңнен құралған заманауи микс әнінен басталды.

2017 жылдың 13 қараша айында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы, Қостанай облысы Жастар және балалар ұйымдары, Қостанай қаласының жоғары және орташа оқу орындарының Жастармен жұмыс комиттерінің қатысуымен форум өткізілді. Форумның негізгі мақсаты: жастармен жұмыс комитеттерінің жұмыстарын қалыптастыру, жүйелендіру және жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау.

2017 жылдың 10 қарашасында ҚМПИ жатақханасында «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер мен Қостанай облысы әкімшілігінің дін істері басқармасының мамандары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты талқыланды. Сөз сөйлеушілер жас ұрпақтың деструктивті дін ағымына кету себептерін айтып, оның жастар өміріне тигізетін салдарын атап кетті. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына ауқымды жауап алды.

2017 жылдың 3 қарашасында ҚМПИ әкімшілігі мен студенттерінің бастамасы бойынша Заречный ауылы, Наметова көш. 7 үй мекен-жайында тұратын Путининдер отбасына көмек көрсетілген болатын. «Тарих» мамандығы бойынша 2 курс студенттері» Бимендин Талғат, Сыбан Аян, Асанов Бекарыс, Ислам Ардабек, Мұсақов Дархан, Арғымбаев Темирлан, «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша Матығұлов Дәуіржан, Жаманбай Төлеген, Оралбек Ерлан, Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары басқармасының студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің маманы Есіханов Қ.Д. бірге өрттен зардап шеккен Путининдер отбасының пәтерін жинап, қалпына келтіруге көмектесті.

2017 жылдың 28 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының жастар Форумы өтті. Форумды Қостанай облысының жастар және балалар ұйымдары Ассоциациясы мен Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы бірігіп ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде әр жоғарғы оқу орыны өз өнерлерін көрсеткен диалог алаңы, концерт өтті. Форум жұмысына АрМПИ, РИИ, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және біздің институт студенттері қатысты.

22-26 қазан аралығында республикалық деңгейде Бурабай қаласында Discoverey-Borovoe демалыс орнында «Мәнгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында ұйымдастырылған «Серпін - 2050» ұлттық жобасы бойынша білім алып жатқан студент жастар арасындағы көшбасшылар жиыны болып өтті. Аталмыш іс-шараға институтымыздың қаржыландыруымен Ділдаш Каппарқызы жетекшілік еткен Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Арыстан Нұралы және педагог-психолог мамандығы 3 курс студенті Нуракова Нурсауле барып қатысты. Жиын барысында олар өз белсенділігін танытып, сертификаттармен марапатталды.

2017 жылдың 24 қазан айында Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының акт залында «Студенттерді қабылдау – 2017» іс-шарасы аталып өтті. Салтанатты ашылудан кейін құттықтау сөзімен академиялық жұмыстар мен әлеуметтік мәселелер проректоры Мусабекова Г.А. ортаға шықты. Ол 1 курс студенттері, «Алтын белгі» иегерлері Зюбан Вячеслав пен Едрес Тоғжанға студенттік билетті табыстады. Іс-шара әрі қарай мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Концерттің басын Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» романындағы ертегі кейіпкер Дамблдор бастады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар