Жатақхана студенттерімен кездесу

2017 жылдың 23 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасында, Жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жусупов Абай Жангелдыулы, жастар және студенттер ұйымымен жұмыс жасау бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы, студенттер мәдениет үйінің маманы Шөкенов Жалғасбек Мырзағалиұлы институт жатақханасында тұрып жатқан студенттермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты студенттерді белсенді студенттік өмірге шақыру, бойындағы өнерін өрлету, көшбасшылық қасиетін арттыру және институт қабырғасында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді атсалыстыру еді. Кездесуде институтымызда жұмыс жасап жатқан студенттік ұйымдары «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер альянсы, жастар ісі жөніндегі комитет, «Парасат» пікірсайыс клубы, «Жастар Медиа» баспасөз орталығы, хореография және көңілді тапқырлар клубы  туралы да сөз қозғалып, сол ұйымдардың қатарына қосылуға шақырды. Жатақхана студенттері кездесу соңында сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Жатақхана студенттерімен кездесу