Қостанай облысы әкімшілігінің дін істері басқармасының мамандарымен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 10 ноября 2017
2017 жылдың 10 қарашасында ҚМПИ жатақханасында «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер мен Қостанай облысы әкімшілігінің дін істері басқармасының мамандары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты талқыланды. Сөз сөйлеушілер жас ұрпақтың деструктивті дін ағымына кету себептерін айтып, оның жастар өміріне тигізетін салдарын атап кетті. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына ауқымды жауап алды.