2016 жылғы 1 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Білім күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шарада жоғары курс студенттері өнер көрсетіп, ҚМПИ ректорының м.а., тарих ғылымдарының докторы Е.А. Әбіл студенттерді білім күнімен құттықтады.

2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында мұражай үйірмесінің мүшелері мен мұражай меңгерушісі Г.А.Карина Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай студенттерге «Мәңгілік есте» іс-шарасын өткізді. Іс-шара соғыс батырларын, институтымыздың оқытушы қаһармандарын еске алу, студенттер бойында патриоттық, Отанға деген махаббат сезімін ұялату мәселелеріне арналды. Жеңіс күні біз соғыс ардагерлеріне, тыл еңббеккерлеріне алғыс айтуымыз керек. Олардың өмірі, қаһармандық ерліктері жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ.

2016 жылғы 27 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында институт оқытушылары мен студенттері арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауға 9 дуэт қатысып, қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде ән шырқады. Әр жұп байқауға дайындалу кезіндегі қызықты сәттері бейнеленген бейнеролик әзірледі.

2016 жылғы 22 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында факультеттер арасында Ректор кубогі үшін Жайдарман орыс лигасының финалдық ойыны өтті. Ақтық мәреге психология-педагогика факультеті, жаратылыстану-математика факультеті, шетел тілдері факультеті, қазақ және орыс филологиясы факультеті шықты. Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Визитка», «Разминка» және «Фристайл» (үй тапсырмасы). 1 кезеңде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ұпай санын көбірек жинаса, 2 кезеңде жаратылыстану-математика факультеті алға шықты. «Фристайл» кезеңінде шетел тілдері мен қазақ және орыс филологиясы факультеттері ерекше ойындарымен көзге түсті.

2016 жылғы 18 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Жайдарман» қазақ лигасының финалы өтті. Финалға 5 команда қатысты. Тапсырма бойынша қатысушылар 5 минуттық өзін-өзі таныстыру және 7-10 минуттық үй тапсырмасын орындауы керек болды. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білді. Ойын қорытындысы бойынша Ректор кубогі қазақ және орыс филологиясы факультетінің қанжығасына байланып, екінші орынды шетел тілдері факультеті, үшінші орынды тарих және өнер факультеті еншіледі.

2016 жылғы 13 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, татулық және келісім мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» факультетаралық фестивалі өтті. Әр факультет республикамызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің, мысалы, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті татар-башқұрт халқын, шетел тілдері факультеті неміс халқын, тарих және өнер факультеті орыс халқын, қазақ және орыс филологиясы факультеті украин халқын, жаратылыстану-математика факультеті шешен халқын, психология-педагогика факультеті армян халықтарының билерін билеп, мәдени дәстүрлерін көрсетті.

2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақ мұсылмандары Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы, «Марал Ишан» облыстық мешітінің бас имамы Тажімбет Бақытбек қажы Нұрғабылұлының институт студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар бұл іс-шарада Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері де болды.

2016 жылдың 8 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған қалалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа облысымызға танымал, соның ішінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай педагогикалық колледжі және институтымыздың бірнеше жас ақындары қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамында халық ақыны Әсия Беркенова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, облысымызға белгілі Ыбырайтанушы Қуанышпай Орманов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметов сияқты елімізге және облысымызға танымал азаматтар болды.

2016 жылғы 31 наурызда «Премиум Палас» мейрамханасында әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен институт студенттеріне арналған «ҚМПИ көктем балы - 2016» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара жоо тарихында алғаш рет өткізілді. Көптеген студент қатысуға қызығушылық білдіріп, жалпы саны екі жүзден аса адам жиналды. Қойылған негізгі талап – киім үлгісінің сәйкес келуі ғана емес (қыздарға кешкі ұзын көйлек, жігіттерге қара костюм) бал биін билеу білу де керек болды. Көктем балын құттықтау сөзімен институт проректоры, профессор Е.А.Әбіл ашты. Студенттерге бал биі конкурсына қатысу ұсынылды.

Наурыз айының 12-жұлдызында Қазақстан Республикасының «Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам» бағдарламасын насихаттау аясында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының ректоры кубогіне арналған ашық пікірсайыс турнирі болып өтті. Жастардың саяси білімімен қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған бұл турнир өте жоғары дәрежеде өтіп турнирде еліміздің солтустік аймағының оқу орындарынан қазақ линасында 52 команда және орыс лигасында 14 команда қатысты. Турнир қазақ және орыс тілінде АПФ, БПФ форматтарында өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар