«Мәңгілік есте»

25-29.04.16

2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында мұражай үйірмесінің мүшелері мен мұражай меңгерушісі Г.А.Карина Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай студенттерге «Мәңгілік есте» іс-шарасын өткізді. Іс-шара соғыс батырларын, институтымыздың оқытушы қаһармандарын еске алу, студенттер бойында патриоттық, Отанға деген махаббат сезімін ұялату мәселелеріне арналды. Жеңіс күні біз соғыс ардагерлеріне, тыл еңббеккерлеріне алғыс айтуымыз керек. Олардың өмірі, қаһармандық ерліктері жас ұрпаққа үлгі болып қалмақ.

Мұражай үйірмесінің мүшелері Қостанай мұғалімдер институтында оқытушы болып қызмет атқарған, зұлым жаудың есесін қайтарып, бейбіт өмірге орала білген, студент жастарды оқыту мен тәрбиелеуге атсалысқан соғыс ардагерлері жайлы баяндап берді.

И.Т.Кирдяев, Б.В.Европейцев, О.Л.Белинская, О.Д.Павлова, Н.И.Кандалин, А.А.Коротеев – бұл жаужүрек отан қорғаушыларымыз тамаша педагог, қарапайым, мейірімді адамдар ретінде студенттер мен әріптестер есінде мәңгілік қалмақ. Олардан тәлім алған көптеген шәкірттері қазіргі уақытта ұстаздар ісін жалғастырып, институтымызда абыроймен қызмет атқаруда. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысы, ардагер оқытушылар жайлы фотосуреттер мен бейне материалдар көрсетіліп, соғыс тақырыбында өлең оқылды. Әсіресе, Меруерт Кульмухамбетова оқыған Мұса Жалилдің «Варварство» өлеңі қатысушылардың жан жүрегін тебірентті.

Іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерге бір минут үнсіздік жариялап, іс-шара соңында Л.Лещенконың орындауындағы «День Победы» патриоттық әнін тыңдады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз