2016 жылғы 4 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Институт ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев аруларды мерекемен құттықтап, институт оқытушылары мен қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты іс-шара одан әрі институт студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

2016 жылғы 24 ақпанда институт залында Мәдениет және спорт министрі, өнертану ғылымының докторы, (PhD) философия докторы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Арыстанбек Мұхамедиұлының Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен ашық дәрісі өтті.

2016 жылғы 23 ақпанда аға оқытушы К.К.Абильмаликов пен ҚМПИ шахмат клубы Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Дойбы ойыны әлемдегі кең таралған зияткерлік (интеллектуалдық) ойындардың бірі саналады. Бұл ежелгі ойын студенттердің көбінің қызығушылығын тудырды.

2016 жылдың 15, 19 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында қазақ және орыс факультеті лигалары «Жайдарман» ойынының 1/4 финалы өтті. Бағдарлама бойынша әр факультеттен қатысқан командалар сәлемдесу (5 минут) және үй тапсырмасы (3 минут) сайыстары бойынша өнер көрсетті. Барлық командалар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Келесі жартылай финал ойындары наурыз айына белгіленді. Ойын қорытындысы бойынша командалардың қайсысының ҚМПИ ректорының кубогын алуға финалға шығатыны белгілі болады.

2016 жылдың 17 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Жастар күніне арналған «Қыран жігіт – Аққу қыз» факультетаралық байқауы өтті. Байқауға институтымыздың әр факультетінен студент жұптары қатысты.

2016 жылғы 12 ақпанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында институт студенттері «Ұлттық паралимпиадалық комитеті» Қостанай облыстық филиалының басшысы Д.Оспановпен кездесті. Кездесуге паралимпиадалық ойындардың қатысушылары – ҚР спорт шебері, пневматикалық қарудан оқ ату бойынша республика чемпионы Светлана Ким және ҚР Чемпионатының жүлдегері, үстел теннисі бойынша халықаралық жарыстардың қатысушысы Рустам Валитов қатысты.

2016 жылғы 10 ақпанда институтта студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді студенттердің қатысуымен «Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбында конференция өтті. Конференция тақырыбы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 5 институционалдық реформаларымен тығыз байланысты.

Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні ән айту, өлең оқу секілді іс-шаралармен салтанатты түрде тойланды. 2016 жылғы 10 ақпанда А-201 дәрісханасында «Шетел тілдері факультетінің туған күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Шетел тілдері факультеті филология факультетінің құрамынан 2013 жылдың қаңтар айында шыққан болатын.

Елімізде 2016 жылдан бастап 9 ақпан ресми түрде Қазақстан Республикасының Жастар күні болып жарияланған болатын. Осы күнге орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасының акт залында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, іс-шара одан әрі «Караоке» байқауымен жалғасын тапты. Байқауға факультет деканының орынбасарлары студенттерімен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 3 жүлделі орынды психология-педагогика факультеті, 2-орынды қазақ және орыс филологиясы факультеті иеленсе, 1 орын шетел тілдері факультетінің еншісіне бұйырды.

2016 жылғы 3 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, «Біз салауатты өмір салты үшін; ЖРВЖ (жіті респираторлық вирусты жұқпалар) мен тұмаудың алдын алу» акциясын өткізді. Акция «Март» сауда орталығында өтті. Студенттер халыққа ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу жөнінде мәлімет берілген буклеттер, көрнекі ақпарат материалдарын таратты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар