Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні
- Подробности
- Опубликовано: 10 февраля 2016
Шетел тілдері факультетіндегі жастар күні ән айту, өлең оқу секілді іс-шаралармен салтанатты түрде тойланды. 2016 жылғы 10 ақпанда А-201 дәрісханасында «Шетел тілдері факультетінің туған күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Шетел тілдері факультеті филология факультетінің құрамынан 2013 жылдың қаңтар айында шыққан болатын. Іс-шараға ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Е.А.Әбіл және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының бастығы С.Ә.Жақаева шақырылды. Салтанат Әнуарбекқызы студенттерді неміс тілінде құттықтап, факультеттің белсенді және үздік студенттерін грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады. Факультетте 50 үздік студент, ал белсенді студенттер одан үш есе көп екен.