«Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбындағы конференция
- Подробности
- Опубликовано: 10 февраля 2016
2016 жылғы 10 ақпанда институтта студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді студенттердің қатысуымен «Жаңа бастамалар – жаңа реформалар» тақырыбында конференция өтті. Конференция тақырыбы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен 5 институционалдық реформаларымен тығыз байланысты. Аталған реформа елдің жаңа институционалдық ортасын қалыптастырып, оның ұзақ жылдар бойына тұрақты дамуы үшін берік негіз болады. Дұрыс таңдалған бағыт табыс көзін айқындайды, сол себепті әр азамат өзіне жауапкершілік жүктеп, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене түрде атсалысуы қажет.
Сөз сөйлегендер арасында тарих және өнер факультетінің 4 курс студенті, «Парасат» дебат клубының көшбасшысы Қуаныш Бектұрғанов, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті, ҚМПИ студенттік Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы Амир Батыргужин, қазақ және орыс филологиясы факультетінің 1 курс студенті, ҚМПИ «Жас Отан» ЖҚ бастапқы бөлімшесінің мүшесі Руслан Мұхтаров болды.