2014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің бұрынғы түлектері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2013 жылғы конькиден 1000 метр қашықтықта Әлем чемпионы, 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин және коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері, атақты спортшы Алексей Жигинмен кездесу өтті.
Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі болып табылады. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз жыл басы болып есептеліп, күн мен түннің теңесуіне сәйкес келеді. Қазақ халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңару, махаббат, достық нышаны тәріздес. Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлау әр үйге береке мен молшылық әкеледі деп есептеледі. Келер жыл берекелі, құтты жыл болсын деген ізгі ниетпен бұл күндері көптеген ұлттық тағамдар әзірленген. Адамдар мерекелік киімдер киіп, бір-біріне қонаққа барып, келер жылға тілектер тілеген.
2014 жылдың 5 ақпаныңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында РЖҚБ «Қазақстан КВН одағының», «Қостанай КВН» филиалы жайдарманшыларға арнап семинар-тренинг өткізді. Негізгі мақсат - Қостанай облысындағы мемлекеттік тілдежайдарман ойындарын дамыту.
2014 жылдың 22 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауы жайлы кездесу өтті. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясы тәуелсіз қазақ елінде ұлтты ұйыстырып, елімізді экономикасы дамыған әлем елдерінің алдыңғы қатарына жеткізетін маңызды құжат болып табылады. Болашаққа бағдарлы бағытпен жол алған тәуелсіз қазақ елі мәңгілік ел болмақ.
Оқу жылының бастамасымен, Студенттер үйінде ойын-сауық іс-шаралардан гөрі танымдық іс-шаралар көп мөлшерде өткізген болатын. Бірақ та Жаңа жыл қарсаңында студенттерге институт әкімшілішінен үлкен бір сыйлық ретінде жаңажылдық кеш ұйымдастырылды. Жастарға Аяз Ата мен Ақшақар көңіл көтеріп отырды
Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайда өлкемізден шыққан тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әмір Қанапиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Дарынды дала перзенті» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірінің жарқын сәттерінен сыр шертетін фото-суреттері, диплом-грамоталары, қолданған заттары және мәдениет саласына арналған ғылыми еңбектері қойылған. Көрмеге қаламыздағы мектеп оқушылары, ЖОО-нан тарихшы оқытушылар, журналистер қатысты
2013 жылы 19 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер Үйінде әлемдегі ең ежелгі зияткерлік ойындарынан- шахмат пен дойбыдан чемпионат өтті. Шахмат алғаш рет Ежелгі Үндістанда шамамен б.з.д. 570 жылы пайда болды. Шахмат Ұлы Жібек жолы арқылы бүкіл әлемге таралып кетті. Дойбыны археологтар алғаш рет Ежелгі Мысырда, перғауын Тутанхамон мазарында тапқан.
Сірә, бұл күнді әрбір студент, факультет ұжымы тағатсыздана күткен болар?! Себебі, бұл - екі күнге созылған өнерлі дүбірдің нәтижесін, жеңімпаз есімімен құлағдар болатын күн. Бүгін біз сол салтанаттың куәсі болып қайттық. Сахна төріне институт ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы шығысымен-ақ, қатысушы талапкерлеріміз демдерін іштеріне тартып, жеңімпаз топты естігенше асық болды. Қара қылды қақ жарған төрешілеріміздің шешімі бойынша, ең жоғарғы орында дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің студенттері тұр. Педагогика және психология тобындағылар өздерінің әуезді әндерімен, ырғақты билерімен қазылардың оң пікіріне ие болып екінші орын иегерлері атанды. Қазақ және орыс филологисы факультетінің студенттері де, өздерінің еңбекқорлығының арқасында үшінші орынға орнықты.
16-желтоқсан Қазақ халқы үшін ерекше күн. Себебі бұл күн қаншама боздақтарымыздың жанын қиып тәуелсіздік әкелген күні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толуына орай 9-10 желтоқсан күндері Институтымызда мерекелік іс шара болып өтті. Екі күнге созылған мерекеде барлық студенттеріміз бір кісідей ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды. Институт құрамындағы 6 факультет өнердің әр саласынан бақ сынасып, факультет намысын қолдан бермеуге тырысты. Сайыс шарты бойынша қатысушы талапкерлер көркем сөз оқып, қоңыр дауыста ән салып, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, мың бұралған бишілеріміз өнерлерін көрсетуі тиіс болатын. Барлық факультеттер де дайындықтарыны жоғары деңгейде екенін көрсете білді