ҚМПИ студенттері арасындағы шахмат және дойбы ойындарынан Чемпионат
- Подробности
- Опубликовано: 19 декабря 2013
2013 жылы 19 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер Үйінде әлемдегі ең ежелгі зияткерлік ойындарынан- шахмат пен дойбыдан чемпионат өтті. Шахмат алғаш рет Ежелгі Үндістанда шамамен б.з.д. 570 жылы пайда болды. Шахмат Ұлы Жібек жолы арқылы бүкіл әлемге таралып кетті. Дойбыны археологтар алғаш рет Ежелгі Мысырда, перғауын Тутанхамон мазарында тапқан.
ҚМПИ Студенттер Үйінің студенттері өздерін осы ежелгі ойындардың білгірі ретінде таныта білді. Барлығы ойынға түрлі факультеттің 37 студенті- ТжӨФ, ЖМФ, ППФ, ШТФ. Шахматтан 1 орынды, бірде бір жеңіліс таппаған тарих» мамандығының 3 курс студенты Испамбетов М. иеленді. Дойбыдан 1 орынды «география» мамандығының 3 курс студенті Шаймаханов Т. иеленді. Барлық жеңімпаздар тарих және өнер факультетінің грамоталары мен сыйлықтарымен марапатталды. Чемпионатты ұйымдастырған Қазастан тарихы кафедраының оқытушылары - Нурпеисова Э.Т., Елкей Н.Н., Байдалы Р.Ж., Абильмаликов К.К.