22 қараша 2013 жыл. Бұл күн биылғы әрбір бірінші курс студенті үшін есте қалар елеулі күн. Кешегі мектеп қабырғасындағы жас түлек бүгінде бірден бір Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студентіне, болашақ ұстазға айналды. Осыған байланысты кешегі талапкерді Институт құрамына қабылдау үшін, 1-курс студенттерінің өнерін тамашалау мақсатында студенттік сапқа қабылдау болып өтті.
Алайда, осы нышанымызды барлығымыз бірдей дұрыс ұстанамыз ба?! Бұл қазіргі қазақ елінің, Қазақстанның басты мәселесі. Себебі қазіргі таңда діннің әртүрлі бөлімдері пайда болып қаншама жастарымыз әр түрлі діни ағымдардың шырмауында қалып, өз жолдарынан адасып жүр
Студенттер арасында діни экстремизмнің лаңкестіктің, бүлдіргіш ағымдардың алдын алу, сонымен қатар құқықтық сауаттылыққа оқыту, жастар арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 қазан күні институтымызда студенттерге арналған дәріс өтті.
Қазан айының алғашқы жексенбісі ұлағатты есім ұстаздардың кәсіби мерекесі. Мұғалім даярлайтын оқу орнында бұл күннің ерекше аталып өтілетіні сөзсіз. Жылдағы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 3 қазанда студенттер өздерінің ұстаздарына арнап салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мамыр айының 22-ші жұлдызында ҚМПИ спортзалында, Қостанай облысы әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты қайрылымдылық мини-футбол жарысы өтті. Жарыс 1 маусым балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Жарысқа Қостанай облысының белді жастар ұйымдарының командалары қатысты. Оның ішінде: 1. «Нұр Отан» ХДП Жас Отан ЖҚ 2. Қостанай студенттер альянсы 3. ҚМПИ студенттер кәсіподақ ұйымы 4. ҚМПИ жастар ісі жөніндегі комитеті 5. Қостанай қаласының «Жасыл ел» 6. Қостанай жастар маслихаты 7. «Парасат» дебат клубы
«Нұр Отан» ХДП-ның Қостанайлық филиалының қолдауымен, Британдық- парламеттік форматында өткізілген қалалық пікір-сайыс турнирінде 12 топ ат салысты. Нәтижесінде ақтық ойынға, құрамында «Парасат» дебат клубының мүшелері бар «Бродяги» тобы мен тағы 3 қарсыласы шығады. Ақтық ойын өзін көп күттірмей қуантарлық нәтижесін көрсетті. Турнирдің қорытындысы бойынша «Бродяги» тобы жеңімпаз атанып, ал турнирдің «Үздік спикері» атағына біздің «Парсат» пікір-сайыс клубының мүшесі Қадралинов Алмат ие болды.
Жыл сайын «Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында үлкен-кішіге «Георгий лентасы» таратылды. Бұл жылы да «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырылып жатқан іс-шараға Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының студенттік «Өзек» клубының мүшелері ат салысты. Георгий лентасы – бұл жай ғана қара-сары жолақты лента ғана емес. Ол - жауынгер ерлігінің нышаны. Ол - жас ұрпақтың ата-баба рухына тағзым-тағылымы. Ол – өткен күндерді еске алу белгісі.
Мисс КГПИ 2013Көптен күткен Мисс КМПИ 2013 сайысы наурыздың жиырма жетінші жұлдызында өткен болатын. Осы іс-шараға қатысқан 8 ару қыздарымыз 5 түрлі кезеңде өз ілгерілікті көрсеткен болатын, яғни «Визитка», «Авангард», «Үйлену көйлектердегі дефиле», «Сұрақ-жауап» және де «Шығармашылық сайыс». Бұл кезеңдерде өзінін артықшылықты көрсеткен, әділ-қазы алқасын өз дарындылығымен паш еткен ару Регина Гинкель болды. Ол Мисс КМПИ 2013 атағына лайық деп шешілді. Енді 4 курс студенті Щучье-Боровое атты қазақстандық курортқа жолдама алып, дем ала алады. Қалған қыздар сыйлықсыз кеткен жоқ, барлығына жақсы бағалы сыйдар берілді.
ҚМПИ студенттері халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған әйгілі Камшат апа Дөненбаевамен кездесті. Кәмшат апаның есімі жарты әлемге белгілі десек артық айтандық емес. Темір тұлпарды ерттеп мініп дала жыртқан тұңғыш қазақ қызы. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғары Кеңесінің IХ– XI шақырылымдарының депутаты, КОКП XXV-XXVII съездерінің делегаты. Сондай-ақ, екі Ленин орденінің кавалері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бүгінгі күні Камшат апа асыл ана, ардақты әже.