Дін-халық болмысы, халық нышаны
- Подробности
- Опубликовано: 20 ноября 2013
Алайда, осы нышанымызды барлығымыз бірдей дұрыс ұстанамыз ба?! Бұл қазіргі қазақ елінің, Қазақстанның басты мәселесі. Себебі қазіргі таңда діннің әртүрлі бөлімдері пайда болып қаншама жастарымыз әр түрлі діни ағымдардың шырмауында қалып, өз жолдарынан адасып жүр. Бұл қоғам үшін елеңдетер жәйт. Жастар - Қазақстанның болашағы, еліміздің дамуы, гүлденуі солардың қолында. Сондықтанда замандастарымыздың ата-баба жолымен жүргені нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатқа орай Петропавл облыстық мешітінің бас имамы келіп студенттермен бас қосу өткізді. Студенттерді дін жөнінен толық мәліметтермен қамтамасыз етіп, мазалап жүрген сауалдарының шешімін тапты. Уақыттың қысқалығына байланысты имаммен кездесу ұзаққа созылмады. Алайда, студенттер қауымының осы бір сағат ішінде көңілге түйгені мол болды.