- Подробности
-
Опубликовано: 22 ноября 2013
22 қараша 2013 жыл. Бұл күн биылғы әрбір бірінші курс студенті үшін есте қалар елеулі күн. Кешегі мектеп қабырғасындағы жас түлек бүгінде бірден бір Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студентіне, болашақ ұстазға айналды. Осыған байланысты кешегі талапкерді Институт құрамына қабылдау үшін, 1-курс студенттерінің өнерін тамашалау мақсатында студенттік сапқа қабылдау болып өтті. Бұл орайда бірінші курс студенттері де аянып қалмай, өздерінің ''ҚМПИ студенті'' деген атқа лайық екендерін елеулі еңбектерінің арқасында дәлелдеп, бар өнерлерін көрсете білді. Қабылдау мақсаты әр студенттің өз факультеттерінің, мамандықтарының ерекшеліктерін көрсете білу болатын. Бірінші курс студенттері үшін мереке болып саналатын бұл күнге әр студенттің бірігіп еңбектенгені, талпынысы, ауызбіршілігі айқын көрініп тұрды.
Бірінші курс студенттері үшін мереке болып саналатын бұл күнге әр студенттің бірігіп еңбектенгені,талпынысы,ауызбіршілігі айқын көрініп тұрды. Әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленіп түрлі өнер көрсетіп өз мамандықтарының өзгешелігін,артықшылығын көрсетіп берді. Мысалы,Қазақ тілі мен Орыс Филологиясы факультетінің студенттерімен сонау ерте заманға сапар шегіп, ата-бабамыздың киелі де,қасиетті өнері болып табылатын айтысты тыңдап құлағымыздың құрышын қандырсақ, Спорт және туризм мамандығы студенттерінің көңілді де,ырғақты биін тамашалап көңіліміз бір көтеріліп қалды. Тарих және өнер кафедрасы студенттері де өнерлі екендерін таныта білді. Үш тілде ән айтып көрермен қауымның зор ықыласына бөленді. Тізе берсең өте көп. Шет тілдер факультеті, Болашақ информатиктердің. Математиктердің де өнеріне ырза болып,бір демалып қайттық. Осы күнгі мерекеден-ақ, студенттеріміздің осал емес екенін байқап,көңіліміз бір марқайып қалды.