Ұстаздар күні

03.10.2013Қазан айының алғашқы жексенбісі ұлағатты есім ұстаздардың кәсіби мерекесі. Мұғалім даярлайтын оқу орнында бұл күннің ерекше аталып өтілетіні сөзсіз. Жылдағы дәстүр бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 3 қазанда студенттер өздерінің ұстаздарына арнап салтанатты жиын ұйымдастырылды. Онда көп жылдар бойы шәкірт тәрбиелеуде аянбай тер төгіп жүрген мұғалімдер мол қошеметке ие болып, марапатталды. Бұл күнгі шырқалған ән де, мың бұралған би де тек ұстаздарға арналды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтанда ол әр дайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет әр қашанда арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз