Отан қорғаушылар күні қарсаңында 2012 жылдың 28 сәуірінде ҚМПИ-да «Жігіттер сайысы» болып өтті. Сайысқа ҚМПИ студенттер Альянысының, студенттер кәсіподағы комитетінің, жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ және институт факультеттерінің өкілдері қатысты.
Сәуірдің он екісінде Балалар шығармашылық үйінде «Шапалақ.kz» атты ашық КТК лигасының көптен күткен ашылуы болды. Осы іс-шараның ұйымдастырушылары әдеттегідей Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қостанай облысының «Шапалақ.kz» ашық КТК лигасы, «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігі, Қостанай облысы әкімдігі мен «Маусымашар 2012»арнайы жобасы
2012 жылдың 12 сәуірінде педагогика кафедрасының әдістемелік апталығы және педагогикалық үздіксіз тәжірибенің қорытындысы аясында ҚМПИ-дің 1-2 курс студенттері арасында «Ровестник» педагогикалық отрядының вожатый шеберлігі байқауы өтті. «Ертегіде қонақта» деп аталған концерттік байқау бағдарламасына «Белоснежка и семь гномов» қойылымының 12 эпизодын біріктірген шағын театр кірген.
2012 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға облысымыздың әр шетінен жиналғандар көп болды. Шамамен 500 жуық. Институт қабырғасын аттаған жоғары білім алғысы келетін жастарды, студенттер мен ұстаздар қауымы жылы-шырай танытып, қарсы алып, оларға барлық жағдай жасалды.
Ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға бей-жай қарамай, қол ұшын созуға талпынған белсенді студент жастар, институтта «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұстаздар мен көпшілік студенттердің қолдауына ие болған тың бастама бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлауда.
Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке күні. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той осы күні өткізіледі. Наурыз – қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі. Міне осы мереке қарсаңында, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында екі күнге созылған Наурыз тойланды. Жылдан-жылға институт ректоры Қуат Баймырзаевтың тарапынан баса назар аударылып, мерекенің ауқымы да, мән-маңызы да артып келеді.
ҚМПИ акт залында 9 ақпан күні«Екi жұлдыз» аттыорасан зор масштабтағыжоба өттi. Сайысқа 8 жұп қатысты:әр жұп институт оқытушы және студенттен тұрды. Салтанатты концертті 4 курс студенті Диана Жукеева мен мәдени - бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Болат Қалиевтің орындауындағытамаша әнімен ашылды.Жарыс екi турде жүргiзiлдi: бастапқыда әндер отан сүйгiштiк жайлы орындалса, қатысушылар сонан соң өз қалау бойынша әндердi айтты.Анығында, басты жеңімпаз болған жоқ, барлық қатысушылар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Ақпанның екісінде ҚМПИ акт залында Президент Жолдауын талқылау үшін арнайы конференция өткізілді. Конференцияның басында өзінің кіріспе сөзімен институтымыздың ректоры, профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы сөз алды. Ол қысқаша түрде ең негізгі бағыттарға тоқталып, олардың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Әрине, білім беру саласы мен мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруі ерекше назарға ие болды. Куат Маратұлыннаң кейін сөз кезегі институтымыздың проректоры Әбіл Еркін Аманжолұлына берілді. Ол биылға белгіленіп жатқан әлемдіқ экомоникалық дағдарыс жайлы арнайы тоқталып өтті. Оған қоса, бұл конференцияға студенттер де белсенді ат салысты. Қазман Ратбек, Ақмұхамбетов Қуаныш пен Матвеева Татьяна денсаулық, спорт, білім беру саласы деген өзекті тақырыптарды көтерді