Жүрек жылуы
- Подробности
- Опубликовано: 27 марта 2012
Ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға бей-жай қарамай, қол ұшын созуға талпынған белсенді студент жастар, институтта «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұстаздар мен көпшілік студенттердің қолдауына ие болған тың бастама бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлауда.
«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы института осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Болашақта дәстүрлі түрде, жылда өткізу жоспарланған.Көктемнің алғашқы күні 1 наурызда, институт қабырғасында белсенді жастар ұйымдасып, жетім көрсең жебей жүр демекші, қайырымдылық шарасының басталғанын жария еткенді, оған адам көп жиналды. Тек студенттер ғана емес, ұстаздар да, институт басшылары да бір кісідей ат салысты.
Міне бүгін, сол игі іс-шараның жалғасы, қайырымдылықтан түскен қаражатқа, ол шамамен 60 мың теңгенің үстінде, «Жан ұя» отбасылық балалар үйіне сыйлық, «микшерлі пульт» алынып, салтанатты жағдайда табысталды. Балалар үйінде өнерлі бүлдіршіндер жеткілікті, сондықтан да болса керек, жанұядағылардың қалауы осы «микшерлі пульт» болды.
Сыйлықты табыстаумен қатар студенттер кішкентай іні-қарындастарына өздерінің ән-билерінде шашу етті. Оған қызыққан «Жан ұяның» тәрбиеленушілері де өнерлерін ортаға салып, екі жақты көтеріңкі көңілде кеш өтті. Студенттердің сый-сыйяпаты жүрегі жылу аңсаған кішкентай бүлдіршіндердің көңілінен шықты деп толық айтуға болады.
Өткен жылғы дәл осындай шарада, 50 мың теңгеге жуық жиналған ақшаға «Дельфин» балалар үйіне түрлі көп ойыншықтар сатып алынып, табысталған болатын. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын бұндай мейірімділік шарасы облысымызда тек біздің педагогикалық институтта ғана өтетінін мақтанышпен атап өтеміз.