«Шапалақ.kz» КТК лигасының маусымашары

12.04.2012Сәуірдің он екісінде Балалар шығармашылық үйінде «Шапалақ.kz» атты ашық КТК лигасының көптен күткен ашылуы болды. Осы іс-шараның ұйымдастырушылары әдеттегідей Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қостанай облысының «Шапалақ.kz» ашық КТК лигасы, «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігі, Қостанай облысы әкімдігі мен «Маусымашар 2012»арнайы жобасы. Ашылу салтанатына Қостанай облысынан ғана емес, Алматы облысынан да келген қонақтар қатысты. КТК-ға оқушылар мен студенттер бірдей қатыса алды. Әділ-қазылар алқасының төрағасы,Ішкі саясат басқармасының жастар бөлімінің бастығы Ерлан Қалмақов ойынның үлкен деңгейде өткенін айтты. Маусымашардың қорытындысы бойынша, қатысқан командалардың ішінде ең жақсы ойын көрсеткені үшін басты жүлдені, кубокты Алматыдан келген «Мұнайма» командасы алып кетті.

Ал «Ең үздік актер» атағына қостанайлық жігіт, ҚМПИ студенті Рүстем лайық деген қорытынды шықты.Ол Қостанай облысының інжу-маржаны «Сосновый бор» шипажайына жолдама алды. Барлық командалар әр түрлі лигалар бойынша тіркелетін болады.

Жанна Тынымбаева

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Шапалақ.kz» КТК лигасының маусымашары