«Ашық есік» күні

29.12.032012 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға облысымыздың әр шетінен жиналғандар көп болды. Шамамен 500 жуық.

Институт қабырғасын аттаған жоғары білім алғысы келетін жастарды, студенттер мен ұстаздар қауымы жылы-шырай танытып, қарсы алып, оларға барлық жағдай жасалды.

«Ашық есік» күнінің алғашқы бөлімінде, институтымыздың акт залында түлектерге арналған салтанатты мәжіліс болды. Онда жиналғандарға институтымыздың тарихы, факультеттер туралы және оқу бағдарламалары кеңінен таныстырылды.Алғашқы сөз алған институт ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев институтымыздың жеткен жетістіктерімен, алдағы жоспарларына тоқталды. Атап айтар болсақ, халықаралық жетістіктеріміз, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ секілді әлемнің дамыған елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс. Студенттердің аталған елдерде білімдерін ұштауға мүмкіндіктерінің зор екендіктері тілге тиек етілді. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап институтымыз қашықтықтан оқыту тәсілін кеңінен қолданысқа енгізуде. Біздің жоғары оқу орнының ғана емес, бүкіл облысымыздың атағын асқақ еткен спортшыларымызбен белсенді студенттердің есімдері аталды.

29.12.03

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д.Т. Қонысбаева болашақ студенттерге құжат қабылдау ережелері, ҰБТ емтихандары, әр факультетке өту балдары туралы толық ақпатат берді.

Студенттер қауымының күшімен түлектерге арналған көтеріңкі көңілді концерттік бағдарламалар әзірленіп, тарту етілді. Сондай-ақ, студент өмірін жан-жақты қамтыған, факультеттер туралы презентациялар көрсетілді.

Салтанатты мәжілістен соң мектеп оқушылары өздері қалаған мамандықтар бойынша факультеттерді аралап, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

29.12.03

29.12.03

29.12.03

29.12.03

29.12.03

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз