Президенттің жолдауына арналған конференция
- Подробности
- Опубликовано: 02 февраля 2012
Ақпанның екісінде ҚМПИ акт залында Президент Жолдауын талқылау үшін арнайы конференция өткізілді. Конференцияның басында өзінің кіріспе сөзімен институтымыздың ректоры, профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы сөз алды. Ол қысқаша түрде ең негізгі бағыттарға тоқталып, олардың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Әрине, білім беру саласы мен мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруі ерекше назарға ие болды. Куат Маратұлыннаң кейін сөз кезегі институтымыздың проректоры Әбіл Еркін Аманжолұлына берілді. Ол биылға белгіленіп жатқан әлемдіқ экомоникалық дағдарыс жайлы арнайы тоқталып өтті. Оған қоса, бұл конференцияға студенттер де белсенді ат салысты. Қазман Ратбек, Ақмұхамбетов Қуаныш пен Матвеева Татьяна денсаулық, спорт, білім беру саласы деген өзекті тақырыптарды көтерді.