«Вожатый шеберлігі» байқауы

12.04.122012 жылдың 12 сәуірінде педагогика кафедрасының әдістемелік апталығы және педагогикалық үздіксіз тәжірибенің қорытындысы аясында ҚМПИ-дің 1-2 курс студенттері арасында «Ровестник» педагогикалық отрядының вожатый шеберлігі байқауы өтті.

«Ертегіде қонақта» деп аталған концерттік байқау бағдарламасына «Белоснежка и семь гномов» қойылымының 12 эпизодын біріктірген шағын театр кірген. «Почемучка», «Находка вожатого» байқаулары, «Учитель танцев», «Аррива», «Краски», «I like you», «Тунак-тунак» - көрермендердің қатысуымен жаппай билер ұйымдастырылды. «Лидер» тобы «Недетское время» лидер-биін ұсынса, байқауға қатысушы студенттер сайыс барысында өз өнерлерін ән мен жырмен жеткізді. Байқау өте көңілді әрі қызықты өтті.Вожатыйлар педагогикалық кәсіби шеберліктерін жетік меңгергендерін көрсетіп, әр қашан жаппай мәдени іс-шаралар өткізуге және балалар топтарымен жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Байқауға қатысушылар осы бағытта жұмыс жасауға және аталмыш іс-шаралардың тәрбиелік мәні мен кәсіби шеберлікті шыңдауда берері мол деген ортақ тоқтамға келді.

 

 

12.04.12

12.04.12

12.04.12

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Вожатый шеберлігі» байқауы