Наурыз тойы тойланды

21.13.12Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке күні. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той осы күні өткізіледі. Наурыз – қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі.

Міне осы мереке қарсаңында, Қостанай мемлекеттік педагогика институтында екі күнге созылған Наурыз тойланды. Жылдан-жылға институт ректоры Қуат Баймырзаевтың тарапынан баса назар аударылып, мерекенің ауқымы да, мән-маңызы да артып келеді.

Өте көнеден келе жатқан Наурыз мейрамы студенттердің де асыға күтіп, айрықша атап өтуге тырысатын ең басты мерекелеріне айналған. Оған себеп болған, биылғы ұйымдастырылған той думан. Оның өткен жылдардан айырмашылығы сол, институттың әрбір факультетінің студенттері мен ұстаздары өздерінің мамандықтарына етене жақын, қазақтың бір туар тұлғаларының есімдерін беріп, ауыл-ауыл болып жайғасты.Филология факультеті өздерінің құрған ауылдарына ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың атын беріп қана қоймай, ақынның шығармаларын, өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, тойдың көрігін қыздырды.

Дене тәрбиесі, туризм және спорт факультетінің студенттері түрлі спорт түрлерінен үзінді көріністер көрсетіп, жиналғандарды таңқалдырды. Бұл ауылдың қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімімен аталуы айтпаса да түсінікті болды.

Сол сияқты, жаратылыстану-математика факультеті Қ.Сәтпаев ауылы, психология және педагогика факультеті – Ы. Алтынсарин ауылы, тарих және өнер факультеті – Біржан сал ауылдарымен аталды.

Жиналғандарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Төлеген құттықтады. Мұхтар Әділбекұлы көпшілікке жаңа жылда жаңа жетістіктер тілеп, Елбасының биылғы Жолдауындағы белгіленген межелерге жету жолында бірігіп күш жұмылдыруға шақырды. Сондай-ақ, Мұхтар Әділбекұлы өзінің сөзінде студенттердің, болашақ ұстаздардың рухани байлығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту мақсатында, институтта студенттің біліуге тиісті 100 шығарма тізімін жасақтау туралы ұсыныс білдірді. Ұсыныс студенттер тарапынан да, ұстаздар тарапынан да қолдауға ие болды. Тізімде Қ,А. Яссауидан бастап, А. Құнанбаевтан М.Әуезов, М.Мақатаевқа дейінгі, әлемдік классиктер Шекспир, А.Пушкин, Л.Толстойлардың, сол сияқты тағы да басқа артына өшпес із қалдырған ақын, жазушылардың туындыларының шығармалар болуы керек.

21.13.12

21.13.12

21.13.12

21.13.12 4

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз