Көктемнiң алғашқы шуағымен келген мейрам – Халықаралық әйелдер күнi құтты болсын! Әйел – бiр қолымен әлемдi, бiр қолымен бесiктi тербеткен қасиеттi жан. Осы орайда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жігіттері асыл аналарды, аяулы қарындастарды, әріптес қыз-келіншектерді салтанатты түрде құттықтау кешін өткізді. Аталмыш кештің басты ерекшелігі, оның ұйымдастырушыларымен қатысушылары институтымыздың тек жігіттері.

Желтоқсан айының 13 жұлдызында ҚМПИ акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай гала-концерт өтті. Концерртің әр нөмері жарқын да қызықты, көркем де тартымды болды, өйткені олардың барлығы біздің Отанымызды мақтап жырлаған.

2012 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында обылыстық жоғарғы оқу орындары арасында ҚР тәуелзіздік күніне арналған Патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысының талантты бетке ұстар жас өкілдері қатысты. Қатысушылардың басты мақсаты өзідерінің музыкалық және артистік зейіндерін көрсету болды. Байқау екі номинацияға еңсерілді домбыра мен дәстүрлі ән шырқау және эстрадалық вокал.

Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында Қазақстандағы және бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі, физикалық плазманың атасы, Лениндік степендияның алғашқы степендианты, физика-математикалық ғылымдарының докторы Академик Фазылхан Бәйімбетовтың атындағы дәрісхана ашылды.

18 қазанда ҚМПИ акт залында институттың әрбір факультетінің 1курсты студенттерқатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты,1курс студенттерінің өздерінің факультетке деген мақтанышын көрсету болды.тарих және өнер факультетінің музыканттары мен суретшілері елінің тарихын білуімен, филология факультеті тілдік жан-жақтылығымен, жаратылыстану және математика факультеті жаратылыстық білімділігімен, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті спорттық жан-жақтылығымен мақтанды.

Қазан айының 17 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен бір топ белсенді студенттермен ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша бас имамы Ораз Серікбай Сатыбалдыұлының кездесуі өтті.

Қазанның басы, яғни оның алғашқы демалыс күндері Ұстаздар күні болып атап өтетіні барлығымызға мәлім. Қазанның төртісінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымызда ұстаздарға арналған салтанатты мереке өтті. Сонымен қатар, институт әкімшілігі ең үздік мұғалімдерді мен мерейгерлерді марапаттаған. Біз ұстаздарды шын жүректен тағы да мереке күніңізбен құттықтаймыз!

01 Қазан 2012 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында акт қонақ бөлмесінде Өнер кафедрасының ұйымдастыруымен Халықарлық музыка күніне фортепиано дуэтінің концерті өткізілді. Концертте педагогика ғылымдарының кандидаты Белозер Л.П., концертмейстер Акбужурова С.Ж. қатысты, бағдарламаны ҚМПИ-ның ғылыми кітапханасының анықтама-библиографиялық және ақпараттық оқу кітапханасының меңгерушісі Сусик Т.С. өткізді. Әр елдің сазгерлерінің танымал туындылары орындалды. Ең ірі демократикалық – би жанры. Вальс, полька, аргентиналық тангоның серпіндері орындалды.

9 мамыр күні институт ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаев бастаған студенттер мен ұстаздар қауымы Қостанайдың орталық алаңына шығып, бас-аяғы 200 адам, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 67 жыл толуына арналған мерекелік шеруге шықты. Шеру соңы Жеңіс саябағындағы Белгісіз солдат ескерткішіне гүл шоқтарын қоюумен аяқталды.

7 мамыр күні ҚМПИ-да Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен тың еңбеккерлерін құрметтеу рәсімі өтті. Институт ректоры ақсақалдарға сый-сияпат көрсетіп, гүл шоқтарымен қатар, ақшалай марапат жасады. Студенттер мен ғылыми кітапхана қызметкерлері «И помнит мир спасенный...» атты әдеби-музыкалық композиция әзірлеп, көрермен назарына ұсынды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар