АКАДЕМИК Ф.БӘЙІМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА

22.11.2012Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында Қазақстандағы және бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі, физикалық плазманың атасы, Лениндік степендияның алғашқы степендианты, физика-математикалық ғылымдарының докторы Академик Фазылхан Бәйімбетовтың атындағы дәрісхана ашылды. Білім ошағындағы аудиторияның салтанатты ашылуына ұлы ұстаздың жұбайымен бірге үзеңгілес жолдастары қатысты.
Жангелді ауданындағы Жота ауылында дүниеге келген Фазылхан Бәйімбетов 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтының физика математика факультетіне түседі. 1959-шы ең үздік тоғыз студенттің қатарына еніп үшінші курсын Ресейдің Новосібір қаласындағы мемлекеттік университетінде жалғастырады.

Аталмыш білім ордасын үздік бітірген қазақ жігіті, Новосібір мемлекеттік университетіндегі Лениндік степендияны иемденген алғашқы студент. 30 жасында Грузияға барып «Әлсіз турбулентті плазмадағы тасымалдау процестерерінің теориясы» тақырыбында алғашқы кандидаттық дисертациясын қорғаған.
Фазылхан Бәйімбетовтың ғылыми жұмыстары АҚШ, Жапония мен Франция және Германия сынды әлемнің алпауыт елдерінде өткен ғылыми конференцияларда оқылған. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтын да басқарған. Енді, міне аталмыш институт басшылығы ұлы ұстаз және физикалық плазманың атасы атанған ғалымға арнап дәрісхана ашып отыр. Ашылу салтанатына академиктің жұбайы Роза Жәкежанова арнайы келіпті.
 
22.11.2012 1
22.11.2012
22.11.2012
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар АКАДЕМИК Ф.БӘЙІМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА