Патриоттық әндер байқауы

07.12.122012 жылдың 7 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында обылыстық жоғарғы оқу орындары арасында ҚР тәуелзіздік күніне арналған Патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысының талантты бетке ұстар жас өкілдері қатысты. Қатысушылардың басты мақсаты өзідерінің музыкалық және артистік зейіндерін көрсету болды. Байқау екі номинацияға еңсерілді домбыра мен дәстүрлі ән шырқау және эстрадалық вокал. " Домбыра мен дәстүрлі ән шырқау " номинациясында Қостанай обылысының түрлі жоғарғы оқу орындарынан келесі өкілдері қатысты Маратов Айбат Аркалық мемлекеттік педагогикалық институтының студент і «Мен мен едім» әнімен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Кенжебаев Мейрамбек "Қазақтың қара баласы" әдемі туындысын орындады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жоламанова Фариза "Нұрымның термесімен" туындысының тамаша орындады, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жумабеков Рустем «Қатаған мен Сүйінбайдың қақтығысынан үзінді» атты орындауы қиын өлендердің бірі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Капиятов Талғат "Сүгірдің термесімен" туындысын орындады.

Эстрадалық вокал" номинациясында айтылып кеткен қатысушылардан кем түспейтін дарынды студенттер қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Қозлова Лиза "Елім-ай" әнімен. Қостанай филиалының челябалық мемлекеттік университеттің вокалдық студия "Элегия" "Қазақстаным" әнімен, Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Агний" тобы " Алтын бесік" әнін әдемі қазақ бимен сәйкестіріп орындады.Рудный индустриялды институтының студенті Садырбек Гүлдана "Туған жер" әнімен. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Серик Бақытжанының "Елім менің" әнімен.Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Өміржанова Айдана "Отырардағы той" әнін орындап өзінің сыңғырлақ және біртұма даусын көрсетті, Қостанай қылмыстық атқару академия жүйесінің студенттері Медведьев Богдан және Аскерли Кундуз "Алға Қазақстан" әнімен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Махмутов Олжас "Отан Ана" әнімен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Койшыбек Думан "Жаса Қазағым" әнімен, айрықша барлығы үшін есте сақталған челябы мемлекеттік университеттің студенті Матвеева Анастасия болды. Бұл қыз көру қасиетінен айырылған соған қарамастан "Атамекен" әнін тамаша орындады. Әділ-қазылар алқасына шешім қабылдау оңай болған жоқ. Қорытындылай келгенде нәтижелер мынадай болды, "Домбрамен дәстүрлі ән шырқау" номинациясында бірінші орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жумабеков Рустем алды. Екі орынды Аркалық мемлекеттік педагогикалық институттың студенті Маратов Айбат алды. Үшінші орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Капиятов Талғат алды. "Эстрадалық вокал" номинациясында бірінші орынды челябалық мемлекеттік университетінің студенті Анастасия Матвеева алды. Екі орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Айдана Өміржанова және Махмутов Олжас алды. Ахмет Байтурсынов атындағы ҚМУ -нің "Агний" тобы үшінші орын алды. Көрермедердің көңілінен шығып арнайы сыйлыққа ие болған Медведьев Богдан және Аскерли Кундуз болды. Барлық қатысушылар мадақтау қағазымен мадақталды, ал жеңімпаздарға сыйлы сыйлықтар берілді. Сонымен барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және іс - шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз