Салтанатты гала-концерт

13.12.12Желтоқсан айының 13 жұлдызында ҚМПИ акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай гала-концерт өтті. Концерртің әр нөмері жарқын да қызықты, көркем де тартымды болды, өйткені олардың барлығы біздің Отанымызды мақтап жырлаған. Концерттің барысында ҚМПИ ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы институтымыздың ең үздік ұстаздарды марапаттап, олардың білім беру үрдісіндегі баға жетпес сіңірілген еңбегі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, бір күн бұрын өткізілген көркем-өнерпаздар байқауының нәтижелері бұқараға мәлім болды. Үшінші орынға жантану-педагогика факультеті, екінші орынға дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті ие болды. Ал ең басты жүлдені филология факультеті иеленді. Осы жеңіске ФФ студенттерді деканның орынбасары Шошақова Ж.Қ жеткізгеніне зор алғыс! Тарих және өнер факультеті ҚР әнұранынң ең үздік орындауы атты номинациясында үздік болып, жаңа ноутбукты иеленді. Құттықтаймыз!

Жанна Тынымбаева, БО жетекшісі

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз